16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ

🔷 Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында мегаполистің жаңа Бас жоспары талқыланып, қабылданды. Қаланың жаңа бас жоспарын дайындауда екі жыл бойы жұмыстар жүргізілген. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Депутаттар мегаполистің жаңа бас жоспарын мақұлдап, дауыс берді.

Бас жоспар- жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.
Бас жоспардың мақсаты — аумақтың жоспарлы, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын құру.
Бас жоспар сатысы үшін жобалық материалдардың құрамы:
— қоныстандыру жүйесіндегі елді мекеннің орналасу схемасы (қала маңы аймағымен);
— тірек жоспары;
— аумақты кешенді қала құрылыстық бағалау;
— бас жоспар (негізгі сызба);
— аумақтарды функционалдық және қала құрылысын аймақтандыру схемасы;
-көше-жол желісінің және көліктің схемасы;
— көшелердің көлденең профильдері;
— инженерлік жабдықтар мен аумақты инженерлік дайындау схемасы;
— қоршаған ортаны қорғау схемасы;
— табиғи-экологиялық қаңқасы;
— қабылданатын жобалық шешімдердің негіздемесі бар түсіндірме жазба

🔷 Бас жоспар енді Үкіметке жолданып, арнайы қаулысы шыққан соң, құжат қабылданады. Бас жоспарды әзірлеуде тұрғын үй қорының жағдайы, халықтың орналасу тығыздығы, әлеуметтік-мәдени нысандардың орналасуы және басқа бағыттар бойынша талдау жүргізілген. Жобаны әзірлеуде инфрақұрылым нысандарының тұрғындар үшін барынша қолжетімділігі ескерілген. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте 1060 отбасыға қайырымдылық жасалды

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ БОЗАРЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру