16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Ә.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

🔷 Қаламыздағы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизаин колледжінің іргесі қаланғанына биыл 50 жыл толды. Төл тарихымен бірге рухани құндылықтар қатарын толықтырып келе жатқан өзіндік орны бар оқу орны елімізге елеулі тұлғаларды білім нәрімен сусындатып шығарды. Айта кетейік, айтулы колледждің бес қабаттан тұратын жатақханасы 1974 жылы салынған, 420 орындық ғимаратта қазір 539 оқушы қоныстанған. 🔷 Өткен жылы жатақханаға күрделі жөндеу туралы жоспар құрылып, биыл құрылыс жұмыстары басталып та кетті. Студенттердің жазғы демалыс сәтінде қызу қолға алған күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап, бағамдауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізілді. Жоспар бойынша биылғы жылдың қараша айында бітуі тиіс. Студенттерге жасалған жағдай мен қызмет көрсетуі дәрежесі заман талабына жүйелі түрде жоспарланған. Тіпті, студенттердің еркін демалуы, сабаққа көңіл бөлуі және фитнеске баруы үшін де барлық жағдай жасалған. Жатаханада тұратындарға еш ауырлық білінбейді. Жатахананың әр қабатында 4 кісілік 20 бөлме және тәрбиешілерге арналған бөлмелер, 2 жуынатын, 2 әжетхана, ас үй, демалыс бөлмелері бар. Студенттер үйінде 70-тен астам қызметкер студенттерге тиісті деңгейде жұмыс жасайды. Соның ішіне медициналық, электр, сантехника, кір жуу жөндеу жұмыстары, әкімшілік қызметтер көрсетеді. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақханаға таңғы 6:00 мен кешкі 21:00 аралығында кіріп-шығуға, 23.00-ге дейін кіріп-шығуда қарастырылған. Жаллпы, жатахананың бір семестрге белгілеген бағасы биыл 197000 теңге. Демек бір айға 49250 теңге. Дегенмен бұл ақшаға студенттердің тамақтануы, кір жууы т.б кірмейді. Ашып айтқанда, кір жуғызу-300 теңге болса, фитнес зал – 3000 теңге, маркеттің бағасы басқа дүкендегі бағаларға қарағанда қымбат, 24/7 жұмыс жасайды деген қызметкерлерді аптасына екі-үш рет қана көреді.
Осы орайда, студенттер жатахананың қызметіне көңіл толатындығымен, тамақ ішу жағына қанағаттанбайтыдығын жеткізді.Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Әсіресе, шатыр мен жертөлеге қатысты ескертпелер айтылды. Бастысы колледж студенттеріне жайлы жағдай жасау, жоспар бойынша екінші тоқсанның аяғында білім алушылар жаңа жатақхананың игілігін көрмек. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру