16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: 11-ШАҒЫН АУДАНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ МЕРЕКЕ КҮНІ ТАРТУ ЕТІЛДІ

🔷 Бүгін Шымкент қаласында “Астана күні” мерекесіне орай балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. 🔷 “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Қаратау ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылды. Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді. – Биылғы жоспар бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 52 ойын, 24 спорт алаңшасы, 6 тренажер залын орнату көзделген. Осы мақсатта бюджеттен 476 миллион теңге қаражат қарастырылған. Жоба аясындағы жұмыстар ағымдағы жылдың маусым айында басталған болатын. Атқарылған жұмыстарға келсек, біздің ауданда биыл ойын алаңшаларынан бөлек 25 аула жарықтандырылды. Қазіргі таңда жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Жоспардағы жұмыстар қазан айының 1-не таман аяқталмақ. Аулаларды абаттандыру жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады, – дейді аудан әкімінің орынбасары.
«Есіл-3» тұрғын үй кешеніндегі ойын алаңшасының ашылу салтанатында сөз сөйлеген тұрғындар қала және аудан әкімдеріне алғыстарын жеткізіп, өз ризашылықтарын білдірді. «Шынымды айтсам, өзім де қатты қуанып тұрмын. Себебі, мұнда 25 жылдан бері ойын алаңшасы болмаған еді. Бұдан былай немерелеріміз өзге аулаларға табан тоздырмай-ақ, алаңсыз асыр салып ойнайтын болды», – дейді тұрғындар атынан жүрекжарды лебізін арнаған үй төрайымы Базаркүл Кенжетайқызы.
Жас бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеген салтанатты шара кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізген «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС-нің директоры  Олжас Әбдікенов пен «Грант Каспий Құрылыс» ЖШС-нің директоры Мақсат Өтеповке арнайы Алғыс хат табысталды. Биыл Қаратау ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МИНИСТР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕ БОЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру