5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

🔷 Шымкенттік оқушы халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. Маусым айының 3-4 аралығында Ташкентте өткен халықаралық «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAH» конкурс-фестивалінде қаламыздағы N 90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқышысы Ханша-Айым Арманқызы бас жүлдені иеленді. 🔷 5-сынып оқушысы Ханша-Айым өзінің жас ерекшелігінде вокал бағыты бойынша топ жарды. Түрлі елдің намысын қорғаған 800- ден аса өнерлі бала бақ сынасқан байқау тартысты өтті. Бас жүлдегер түрлі тақырыптағы әндерді әуелете орындап, талайды таңдай қақтырды. 🔷 Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына жоғары баға берді. Осылайша Ханша-Айым Арманқызы тек өзі білім алатын мектебінің ғана емес, халықаралық шарада мегаполистің абыройын да асқақтатты. Жеңімпаздың ұстазы аталған мектептің музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі Роза Амрина — Құрмет белгісі орденінің иегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Сондай -ақ Еңбек ардагері төсбелгісімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, Ұлағатты ұстаз төсбелгісімен марапатталған. Шәкірттері бүгінде АҚШ, Германия, Чехия, Болгария, Греция, Түркия, Ресей, Өзбекстан республикаларында өткен вокал байқауларының жеңімпаздары.

Фестивальге қатысуға мәдениет, өнер және креативтік индустрия саласындағы қызметпен айналысатын Қазақстаннан және жақын және алыс шетелдерден 40 жастан аспаған шығармашылық қайраткерлері немесе қатысушылардың бірлестіктері шақырылады.

Фестивальге қатысуға өтінімдер келесі санаттарды қамтуы мүмкін:
• Сөйлеген сөздер мен қойылымдардың бейнежазбалары (қазіргі заманғы өнер/вокал/би
• Кинематографиялық / поэзия / драматургиялық / музыкалық нөмірлер және т.б.);
• Дайын қысқаметражды деректі және көркем фильмдер;
• Перформанстардың жобалары мен тұжырымдамалары;
• Фестиваль шеңберінде ұйымдастыруға арналған воркшоптар, хэппенингтер мен іс-шаралардың жобалары мен тұжырымдамалары (білім беру және көрме жобалары, сән/дизайн, жаңа медиа, креативті индустрия және т.б.). 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде

smarttop

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

В ЦЕЛЯХ ПРОФИЛАКТИКИ КОРИ СОСТОЯЛОСЬ ЗАСЕДАНИЕ ШТАБА

smarttop

Пікір қалдыру