0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 800-ДЕН АСА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

🔷 Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 857 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Аталған көп қабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша Қуатжылуорталық-3 мекемесімен бірлесе 2023-2024ж.ж арнайы іс-шара жоспары бекітілді.
Аталған іс-шараға сайкес, аппарат қызметкерлері аудан тұрғындарына жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес көп пәтерлі үйдегі пәтерлер мен үй-жайлардың иелері ай сайын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті. Бұл ретте шығыстардың шамасы ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді. Жалпыүлескерлік мүлкіне мыналар жатады: жертөле, кіре берістер, үйдің алды, шатыр, лифт, баспалдақ, үй маңындағы аумақ.Кондоминиум объектісін тіркеудің болмауы жертөлелерге құқықтарды талап етуден бас тартуға себеп болып табылмайды.

«Кондоминиум — бұл шарт. Барлығы кооператив мүшелерінің жалпы жиналыстарында шешіледі. Егер жертөле жалпыүлескерлік болып табылған жағдайда, оның тағдырын тек тұрғындар шеше алады. Мұндай құқықты тұрғын үй қатынастары туралы Заңның «Үй — жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысы» 42-1-бабында көрсетілген, онда ортақ мүлікті басқаруға, ұстауға және күрделі жөндеуге арналған жарналардың мөлшерін бекіту үшін пәтер және үй-жайлар иелерінің жиналысын міндетті түрде мақұлдау талап етіледі», — деді заңгер.

Пайдалану құқығы автоматты түрде тұрғындарға билік ету құқығын береді. Егер олар қажет деп санаса, онда жертөлені жалға бере алады немесе тиісті шарт жасай отырып, оны сата алады. Жалға беруден немесе сатудан түскен барлық табыс үйдің қажеттіліктеріне жұмсалуы керек.

🔷 Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісім-шартқа тұру маңызды екені ескертілуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫНДА 19 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

АСАР-2 ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру