16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БОЗАРЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ БИЫЛ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

🔷 Қазіргі таңда Бозарық индустриялық аймағында инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бас мердігер мекеме аймақтың ауыз су және кәріз жүйелерін тартуда. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысын қадағалап, жауаптыларға кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бағытында арнайы тапсырмалар жүктеді. Бүгінде ауыз сумен қамту жұмыстары бойынша орындалған жұмыстар көлемі 85%-дан асса, электр және табиғи газ желілері бойынша орындалған жұмыстар 68% -ды құрады. Жоба бойынша аймаққа 10,9 шақырым табиғи газ желісін тарту көзделген. Қазір ішкі және сыртқы автомобиль жолдарын салу жұмыстарының тең жартысы аяқталған.

Қазіргі уақытта бұл жобаға Жобалық-сметалық құжат әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде. Индустриалдық аймақтарды негізінен ірі кәсіпорындар орналасқан. Олардың Шымкент қаласы экономикасының өркендеуіне орасан үлес қосып отырған жайы бар. Сондықтан да алдағы уақытта индустриалдық аймақтардың дамуына барынша жағдай жасалатын болады.

Айта кетейік, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 миллиард теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 миллиард теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.

Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.

Мұнда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған.

Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалер әзірленуде. Индустриалды аймақты сапалы инфрқұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

smarttop

ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫРДАН СУ ЖИНАЛҒАН ОРЫНДАР ДЕР КЕЗІНДЕ ТАЗАЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру