Шымкентте төлем картасымен бірнеше бағыттарға төлем жасау функциясы енгізілмек. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Сержан Зиябекұлы мәлімдеді.
— TOLEM компаниясы өзінің платформасындағы экожүйені және функционалдығын кеңейту, пайдаланушы базасын ұлғайту, клиенттер үшін сервистерді жақсарту, әртүрлі қызмет салаларында цифрландыруға және сервистерді оңтайландыруға жәрдемдесу мақсатында «Open API» озық технологиясын енгізуде. Компанияның серіктестері мен әзірлеушілері енді ашық API арқылы деректерге, компанияның мүмкіндіктеріне және қызметтеріне қол жеткізе алады. Бұл TOLEM платформасымен интеграцияны жеңілдетеді, инновациялық қосымшаларды жасауға және компания өнімдерінің мүмкіндіктерін кеңейтугежол ашады, – деді С.Зиябекұлы.
Шаһарда IT саласын дамыту мақсатында алғашқы IT ассоциациясы «Digital road» құрылған болатын. Қазіргі таңда ассоциация құрамында 25 IT компаниясы бар. IT ассоциациясы өз қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. Шымкент қаласында тұрғындардың 62 пайызы TOLEM жүйесін қолданады. Сондай -ақ 150 мектепте тегін тамақпен қамтылған оқушылар асханамен қоғамдық көлікте қолданатын TOLEM картасы немесе қосымшадағы динамикалық QR арқылы есеп айырысады.Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-кода, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Жүйені көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді. Олай төлеу кезінде тариф құны 100 теңгеге тең болады. Бүгінгі танда, жүйені енгізу үшін көлік компанияларымен шарт жасалды, автобустарға валидаторларды орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді, тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы ашылды
Айта кетейік енді картадағы QR-код арқылы «Қиял әлемі», «Кең баба» саябақтарындағы атракцион қызметі үшін, сондай -ақ Алматы, Астана қалаларында да автобустарда жолақы үшін төлем жасай алады.
«Шымкент келбеті»