16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СЕНАТОР АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОМИССИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова мемлекеттен қайтарымсыз грант алған азаматтар мен грант конкурсында төрелік еткен комиссия мүшелерімен кездесті. Кездесуде көптің талқысына түскен мемлекеттік грантты тағайындау конкурсы, ондағы кезіккен бірқатар мәселелер төңірегінде болды. Жылдан жылға мемлекеттің қайтарымсыз қаржысынан үмітті адамдардың көбейіп жатқаны, бизнес-жоспар құрудағы қателіктер, әлеуметтік санат жөнінде туындап жатқан өзекті мәселелер талқыға салынды.
Мемлекеттік грант тағайындау барысы, оған қойылған талаптар жөнінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова баяндап берді. Оның айтуынша, 2023 жылы 4 лек негізінде 447 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланып, бүгінге дейін 2 лек бойынша 224 адамға қайтарымсыз қаражат беріліпті. Мемлекеттік грантқа өтінім беру үшін белгіленген санаттардың бірінен болуы шарт. Олар – еңбекке етуге қабілеті бар мүгедек жандар, қандас мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, АӘК алушылар, көпбалалы отбасылар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар және асыраушысынан айырылған жандар.
Қайтарымсыз қаржыны тағайындайтын комиссия құрамында тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері бар. Конкурс барысында комиссия ең көп кезігетін мәселенің бірі – көпбалалы отбасылар болыпты. Өйткені белгіленген санат қатарында көпбалалы аналар да бар.
–Мемлекеттік гранттың мақсаты – кәсібін енді бастап жатқан әлеуметтік әлсіз топтарға демеу көрсету. Осы орайда, көпбалалы отбасыларға арналған бөлек бағыт қаралған дұрыс. Өйткені конкурс барысында көз жеткізгеніміздей мұндай отбасылардың басым бөлігінің әлеуметтік қамтылуы әлсіз деп деп айтуға келмейді. Одан кейінгі мәселе – бизнес-жоспардағы шикіліктер. Көп үміткер қолындағы жобасы жайлы толық мәлімет айта алмайды, — деді комиссия төрағасы Берік Ешімов.
Әлеуметтік желілелерде грант алуға ниеттенген азаматтарға «көмек қолын» созатын жарнамаларға көз сүрінеді. Басқарма басшысы осындай 27 алаяқ компания жөнінде құзырлы органдарға хабар берілгенін айтты. Қазіргі сәтте тергеп-тексеру ісі жүргізіліп жатыр екен.
Сенатор А.Қапбарова халықтың «делдал» компанияларға кезігуі грант жайлы ақпараттың аздығынан орын алатынын алға тартты. Шілде айынан бастап әр отбасының цифрлық картасында олардың әлеуметтік жағдайынан хабар беретін мәліметтер енгізілетінін, бұл алдағы уақытта бірқатар түйіткілді мәселенің алдын алатынын жеткізді.
– Отбасының цифрлық картасында әр отбасының табысы көрсетіледі. Біздің елде көпбалалы отбасылардың барлығының табысы аз деп айта алмаймыз. Өйткені әлеуметтік статусы қалыпты, қанағаттанарлық отбасылар да бар. Сондықтан қайтарымсыз грант санаттарына аз қамтылған, осал топтар ғана қосылса, жоғарыдағы жағдайлар өздігінен жойылар еді. шілде айының басынан бастап Әлеуметтік Кодекс күшіне енді. Бүгінгі айтылған ұсыныстарды тиісті министрлікке жолдап, алдағы уақытта өз шешімін табады деген ойдамын, — деді Айгүл Жарылқасынқызы.
Жиында басқарма басшысы Б.Нарбекова алдағы күндері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан «Кәсіпкерлік бөлімін» ашу көзделіп жатқанын жеткізді. Бұл бөлім кәсібін бастауға ниеттенген азаматтарға кеңес беріп, ақпараттандыруға бағытталмақ.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН БАСҚАРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ 100%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ

smarttop

«ОТБАСЫ – ШАҒЫН ОТАНЫМ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

smarttop

Түркістандық полицейлер сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді

smarttop

Пікір қалдыру