4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

 Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу.Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан — жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым — қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата — ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім маманы Омарбаев Бектұрсын, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Жастар ресурстық орталығының мамандары Қыпшақбаев Рауан, Әлім Арайлым және «Достық» колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: «НАУРЫЗ БАТА» ДӘСТҮРІ ДӘРІПТЕЛДІ

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕФОРМАНЫҢ ЖАСАЛУ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

smarttop

2022-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

smarttop

Пікір қалдыру