Шымкентте “Шығыс” айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысы мен жұмыс сапасын арнайы барып тексерді.
Айтып өтейік, “Шығыс” айналма жолының құрылысы былтыр басталды. 1-кезеңі №1 автожолынан “Әл-Фараби”көшесіне дейінгі аралықты, яғни ұзындығы 3,9 шақырым, ені 60 метр 4 жолақты жолды қамтиды.
Айналма шеңберден шығатын қозғалыс жаяу жүргіншінің көрнекі ортасын жеңілдететін үш бағыттың орнына бір бағытта келеді. Қозғалыс жаяу жүргіншілермен көрнекі қарым-қатынас жасау үшін жеткілікті баяу қозғалады, оларға деген құрмет сезімін тудырады. Басқа артықшылықтарға перпендикулярлық түйісулермен байланысты драйвердің абыржуын азайту және байланысты кезекті азайту жатады.
Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, құрылыс 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқталмақ. Бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75% орындалды.
Осымен қоса, агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан мегаполисіміздің көшелерінде көлік кептелісін азайту бағытында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы да арта түсуде.
Бұл бағыттағы жобалардан “Ленгір” тас жолынан бастау алып, “А-2 Шымкент-Ташкент” автожолына дейінгі аралықты қамтиды. 2021-ші жылы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 16 шақырымды құрайды.
Қазіргі таңда “Шымкент-Ташкент” жолында қиылысатын бөлікте көпір құрылысы және жол жабыны жұмыстары жүргізілуде. Қазір жолдың 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар жолайырық аумағында, байланыс, электр қуаты, табиғи газ, сыртқы сумен қамту жүйелері орындарын ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы жоба жұмыстары толығымен аяқталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі