0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

🔷 Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй кезегіндегі 168 отбасы арендалық баспанамен қамтылды. Оның ішінде 48 пәтер көпбалалы отбасыларға, 25 пәтер халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 47, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 48 пәтер табысталып, келісім шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа баспаналар Тұран шағын ауданында орналасқан. 🔷 Айта кету керек, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер- арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни «5-20-25» несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша — 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында артық жолаушы мінген автобус анықталып, өзбекстандық жүргізуші жауапқа тартылды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАР

smarttop

БИЫЛ 6 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру