0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

🔷 Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Биыл Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 23 420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңға Ұлттық жобалар мен жеке бастама негізінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Жыл соңынан дейін жалпы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделіп, бүгінгі таңға 22 мыңнан астам азамат қамтылған.

Басқарманың мәліметінше, құрылатын жаңа жұмыс орындарының 10552-і ұлттық жоба шеңберінде болса, 13 644 жұмыс орны кәсіпкерлердің жеке бастамаларымен құрылатын болады. Олар, жеке бала бақшалар, мектептер, ауруханалар, дәріханалар, мәдени, спорт кешендері және жеке ісін бастап салық органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлер. Бұл жұмыс орындарының есебі кірістер департаментінен бірлесіп анықталатын болады.

Жалпы Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша осы жылы 57696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның ішінде 35 276 орын тұрақты, 22 420-і уақытша жұмыс орындары.

Жыл басынан «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 40 жұмыс беруші мекемеден 1240 адамға, 32 мамандық бойынша өтінім түсті.Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының 24.03.2022 жылы №60-Ө бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ 40 мекемеге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:
— салық және басқа да әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар 2 мекеме;
— материалдық-техникалық базасы стандартқа сәйкес келмейтін (яғни жұмыс орны сәйкес емес) 3 мекеме;
— мекеменің тіркелгеніне бір жылдан аспаған 1 мекеме.
Толық қағидадағы яғни критерияға сәйкес, 34 мекеме іріктелді.

Нәтижесінде, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша бекітілетін 34 жұмыс берушіге 760 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.

🔷 Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биылғы жылдың 6 айында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы Сарыағашта

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛОРДА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КӨП БАЛАЛЫ 40 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

smarttop

Мектепке орналастырып беремін деп миллион теңге алған күдікті анықталды

smarttop

Пікір қалдыру