24.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді.- Қаламызда соңғы 3 жылда медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 13,9 млрд. теңге қаражат бөлініп, қамту көрсеткіші 79,2 пайызға жетті. Ангиографиялық аппараттар 2020 жылы №2 қалалық ауруханаға, 2021 жылы Қалалық клиникалық балалар ауруханасына және Қалалық онкологиялық орталыққа орнатылып, халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімділігін арттырды. Медицина қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарады деп сенемін,- деді.
Мұнда бас ми тамырына, бастағы ісікке және инсулть алған науқастарға жоғары технологиялық операция жасалады. Жаңадан орнатылған ангиографиялық жүйе соңғы буындағы құрылғы болып табылады, құны 1 млрд.теңгеге жуық. Жүйенің ерекшелігі екі детекторды бір уақытта қолдану арқылы нейрохирургиялық, интервенциялық оталарды жасауға, тамырларды 3D кескінде тексеруге, отаның барысында компьютерлік томография өткізуге мүмкіндік береді.

🔷 Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ – ҚОҒАМ МЕН ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР

smarttop

Полицейлер 70 жайт пәтер ұрлығын жасап, қамауда отырған ер адамның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру