19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

№72 автобус жүргізушісі ара шағуының салдарынан жүрегі қысылған

Бүгін қаламызда №72 автобус жүргізушісі, жолаушылар тасымалы кезінде, ара шағуының салдарынан жүрегі қысылып, жол жиегіндегі кедергіге соғысқан болатын.

Аталған оқиға 22 сәуір күні, сағат 10:30 шамасында, Т.Рысқұлов – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында ТТК (Түркістан транспорттық компания) мекемесіне қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге(бордюр) соқтығысқан. Жауапты сала өкілдері шұғыл оқиғаның мән-жайын анықтады. Нақтырағы, 72 бағыттағы автобус жүргізушісін сол сәтте ара шағып, аталған азамат уақытша есінен танып, рульге ие бола алмаған. Бұл оқиғадан автобус салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ АЛАҢША ОРНАТЫП БЕРДІ

smarttop

ЭКОНОМИКАҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 20 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

smarttop

КОНДОМИНИУМ НЫСАНДАРЫН БАСҚАРУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

smarttop

Пікір қалдыру