25.4 C
Шымкент
Суббота, 6 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ЖАС КӘСІПКЕР 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА

🔷 Шымкенттік жас кәсіпкер Дінмұхаммед Күмісбек небәрі 22 жасында 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкер есік, тапсырыспен баспалдақ және жиһаз дайындайтын шеберхана ашқан. Жұмысшылардың жалақылары істеген жұмыс көлеміне қарай орташа есеппен айына 250 мың теңгеден асады. Кәсіпкердің айлық табысы 2 миллион теңгеге жуық. Іскер жігітке жаңа мүмкіндіктерді ашуда жастарға арналған жеңілдетілген несиенің көмегі тиген. Дінмұхаммед Күмісбек 2,5 пайызбен алған 5 миллион теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін кеңейтіп отыр. Тауарларын әлеуметтік желі парақшасы мен дүкен арқылы сатылымға шығаруда. Қазірдің өзінде тұрақты сатып алушылары бар. Қаражатқа шеберхана жұмысын өндіретін, қосымша үстелдерге ою-өрнек жасайтын құрал-жабдық сатып алған.
-Бұған дейін ою-өрнекті басқа цехтарда ақысын төлеп жасататын едім. Енді барлығын өзіміз жасаймыз. Шеберханама қосымша 5 адамды жұмысқа қабылдадым. Оларға орташа есеппен айына 200 мың теңге көлемінде жалақы төлеймін. Жұмыс істеймін дейтін адамға барлық мүмкіндіктер бар. Бастысы еңбекқорлық қажет,- дейді Жасұлан Нұршымыр.
Жас кәсіпкер жиһаздарын әлеуметтік парақшаларында жарнамалап, көтерме бағамен сатады. Тауарларды көбінесе дүкендер желісі сатып алады. Қазіргі таңда Шымкенттен бөлек Алматы, Қызылорда және Орал қалаларынан тапсырыс тар көп түсуде.🔷 Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет. Мекен-жайы: Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 3/3 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынның атынан 3 бірдей несие алған ер адам анықталды

smarttop

Болашақ десантшылар Шымкенттен әскерге аттанды

smarttop

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

smarttop

Пікір қалдыру