16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны 105 ашық спорт алаңшасы бар. Биылғы жылы тағы 2 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған болатын. Соның бірі Береке шағын ауданындағы 276 орамда ашық спорт алаңшасы бюджет есебінен салынып, тұрғындардың пайдаланыуына тапсырылды.

Жалпы, Әл-Фараби ауданының аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшасында 1037 қоқыс контейнері бар. Аудан аумағы халықтың орналасуына байланысты 7 секторға бөлінген.
Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшаларын, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен «ШымкентСпецКомплекс» және «Арнаулыавтокөлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер айналысады. Мекемелер тарапынан кестеге сәйкес, тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда тәулігіне 2 реттен қоқыстар тұрақты түрде тазартылуда.

Олардың жоқ болуы мен қауіпсіз болмауы дамушы елге тән емес және оның дамуына кедергі болып табылады.  Қазіргі жағдайда мемлекеттік реттеу инфрақұрылымының рөлі мен мәнін жоғарылатады. Білетініміздей экономикалық модель құрастыру кезінде
өндірістік қоғамның дамуының негізі ретінде артықшылыққа ие. Сондықтан алғашқы кезекте инфрақұрылымдық мәселелерді шешкен дұрыс.
– Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан табиғи газ 99% және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр», — деді аудан әкімі.
Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8%, электр жарығы 100%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87 %.
Спикердің сөзінше, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 даңғыл, көше мен өткел бар. Жолдардың 279,5 шақырымы (88%) асфальт, 19,6 шақырымы (12%) тас жолды құрайды.
Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ аудан аумағындағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған.

Соңғы үш жыл ішінде аудан аумағында 41 спорт алаңшасы соғылып, халыққа пайдалануға берілді.
Қаламыздың жастарын спортқа баулу мақсатында, алдағы уақытта аудан көлемінен осындай ашық спорт алаңдарының санын көбейту жоспарланып отыр.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

smarttop

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША 27,7 МЛН. ТЕҢГЕ ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру