3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ 70% ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағы 24 мың гектар, халық саны 257 мыңнан аса адамды құрайды. Аудан аумағында 27 шағын аудан мен елді мекен орналасқан. Оның ішінде 202 көп қабатты тұрғын үй, 1 274 көше, 93 әлеуметтік нысан бар.

🔷 Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26 сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабында 1540 абоненттен тұратын 8 160 халық тұрады. Биыл аталған тұрғын алап толыққанды ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңында аяқталады. Жоба құны 7,1 млрд. теңге. Одан бөлек, Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жол бойында біз су төгетін жерлерді ретке келтіреміз, оларды тегістейміз, автобус аялдамаларында автобустардың асфальтына қысым әсерінен пайда болған шұңқырларды алып тастаймыз. Осы бұзылулардың салдарынан аялдамалардың «қалталарында» су жиналады, ол күзде және қыста қатып, жол жабынын бұзады, – деді  әкім. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде.Жол бойында біз су төгетін жерлерді ретке келтіреміз, оларды тегістейміз, автобус аялдамаларында автобустардың асфальтына қысым әсерінен пайда болған шұңқырларды алып тастаймыз. Осы бұзылулардың салдарынан аялдамалардың «қалталарында» су жиналады, ол күзде және қыста қатып, жол жабынын бұзады, – деді.

🔷 Электр жарығы бойынша 27 елді мекеннің 25-і сапалы электр жарығымен қамтылған. Жарықпен толық қамтылмаған 2 елді мекен, олар Асар-2 шағын ауданы және Қайнарбұлақ тұрғын алабы.
Асар-2 шағын ауданында 11 060 халықтың (825 абонент) 70%-ы қамтылған, қалған 30 пайызбен қамту мерзімі 2023 жылдың соңы. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы 8160 халықтың (1174 абонент) 24 %-ы қазір қамтылып тұр. Мұнда 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жоба құны 2,6 млрд. теңге.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТР БАСПАСӨЗ БРИФИНГІН БЕРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ТӨРТІНШІ РЕТ СОЛТҮСТІККЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

smarttop

МЕГАПОЛИСТЕ САЯБАҚТАР САНЫ АРТАТЫН БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру