13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІК БЕСТІК ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

🔷 Жақында 2 тамыз бен 7 тамыз аралығында Ақтау қаласында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті.
Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен үзеңгі қағыстырған болатын,
Соның ішінде біздің Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды.

🔷 Шартараптың шахматшылары арасынан суырылып үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен алғыс білдіре құттықтаймыз!
ҚР Президент Қ.Тоқаетың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында қазір шахматқа ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы Шымкент қаласы биыл төртінші жыл бастауыш сыныптарда 100 пайыз оқушыларға шахмат пәні үйірме ретінде енді.
Яғни, шахмат оқыту жаппай мектеп пәніне үйірме ретінде енгізілгеннің арқасында лицей командасы әлемдік чемпионатта өз білімдерін дәлелдеп шықты.

Қазіргі уақытта шаһарда жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бағдарламасы аясында 20 спорт түрімен 16790 жуық бала спорт үйірмелермен қамтылды.
Шымкент қаласының шахмат федерациясы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе шахмат спортын жалпы орта мектептерде жүргізу мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 36 сағатты қамтитын семинар өткізіліп, 324 мұғалімге сертификат тапсырылды.
Қазіргі таңда мектептерде ашылған шахмат үйірмелерінде 20 мыңнан аса бала қамтылып отыр. Ал, кәсіпкерлер тарапынан ашылған ұйымдар мен орталықтарда 1000-ға жуық бала шахмат секциясында шеберліктерін арттыруда. Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін қала аумағындағы саябақтарда арнайы шахмат үстелдері мен алаңы орнатылған.
Сонымен қатар, қала аумағында жеңіл атлетика спортын дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жеке кәсіпкерлер және тағы басқа ұйымдардың қызметкерлерінен құралған «Әуесқой жүгірушілер» клубтары жұмыс істеп жатыр. Онда 400-ге жуық шұғылданушыға білікті мамандар арнайы жаттығу жұмыстарын өткізуде. Спорт түрлерінің дамуына қаламыздың жалпы әрбір тұрғыны өз үлестерін қосып келеді.

🔷 Шымқаламыздан талай еліміздің намысын қорғайтын мықты да үздік шахматшылар шығады деген сенімдеміз!
Шахматты мектеп табалдырығынан игеру — болашақта баланың зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы, өресі дамыған зерделі де зерек болып шығатынының кепілі.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН СУДЫҢ» ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН МАМАНДАРЫ БАТЫСТА ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БӨГЕТІН НЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

smarttop

«ШЫМКЕНТ СИТИДЕ» СУ АЙДЫНЫ БАР ЖАҢА САЯБАҚ САЛЫНЫП ЖАТЫР

smarttop

ДЕМПИНГ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

smarttop

Пікір қалдыру