Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының аумағында 2023 жылдың 12 және 19 тамызы аралығында сағат 9-00-ден 15-00 дейін Шымкент қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде қаланың 14 өнеркәсіп кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.
Олардың ішінде: «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС (мектеп формасы), «Әлем-БТ» ЖШС (шұлық бұйымдары: спорттық, балалар, әйелдер, ерлер), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары: түйе жүнінен жасалған киім және шұлық), «КазИталКожа» ЖШС (былғары бұйымдар: балалар сөмкелері, белдіктер мен қарындаштар, «LUX SHOES» БК ЖШС (былғарыдан жасалған ерлер және әйелдердің аяқ киімі), «SAGITEX GROUP» ЖШС, ЖК «Заря» (былғары аяқ киім), «B’ Bars» ЖШС (аяқ киім), «Nappa.kz» ЖШС (аяқ киім), «QAGAZ ORDASY» ЖШС (жазу қағазы), «А энд К ЭКСПО LTD» ЖШС (жазу қағазы), «Azala Textile» ЖШС (мектеп формасы), ЖК Абдиев (мектеп формасы). «Вектор» ЖШС (оқушы дәптері) отандық тауарлары бар. Ел экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, нарықта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға үлкен мүмкіндіктер бар. Облыстық кәсіпкерлер палатасының құрылуы өңірдегі бизнестің өркендеуіне тың серпін беріп, бизнес субъектілерінің қатарының артуына септесіп келеді.Жолдау – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Сонымен қатар, жаңадан кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлерді қолдау, жұмыссыздық мәселесін шешуде оң бетбұрыстар жасалмақ. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмысшыларға жағдай жасау, мамандар даярлауға көңіл бөлінуде. Нарықтық кезеңге сәйкес, шығарылған өнімдер де бәсекеге қабілетті болуы тиіс, -деді М.Сынабаев.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілері шығаратын мектеп формасы, аяқ киім және басқа да тауарларды халыққа ұсыну. Жәрмеңкедегі тауарлар өндірушілердің бағасы бойынша ұсынылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі