12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ 53 ҮЙІРМЕГЕ 2400 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

🔷 Шымкент қаласының Арғынбеков-Шаяхметов көшелерінің қиылысында орналасқан №2 оқушылар сарайында бүгін ашық есік күні өтті. Жаңадан ашылған оқушылар сарайы жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Мұнда «Mindal.kz» порталына тіркелу әлі де жүріп жатыр және белгілі мерзімде тіркелу уақыты бітіп қалмайды, яғни жыл бойына өзіңіз таңдаған үйірмелерде бос орын шықса, кез келген сәтте тіркеліп, өтініш қалдыра аласыз. Осы кезге дейін №2 оқушылар сарайына Mindal.kz бірегей платформасы арқылы өтінім білдіргендердің саны 4 мыңнан асты. Бұл — күн сайын мыңнан астам өтініш келіп түсіп жатыр деген сөз.
Оқушылар спорт және сауықтыру бағытында 15 үйірме, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында 5, өнер және музыкалық бағытта 14, психологиялық дайындық бағытында 3, көркем эстетикалық бағытта 5 үйірме бар. Үйірменің жалпы саны – 53.

Балалар шығармашылығын дамытуға арналған орталықтың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Яғни, бір уақытта 500 бала шығармашылықпен айналыса алады. Мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен, жоба бойынша күніне 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.
Аталған мектеп оқушылардың қабілетін шыңдап, талант көзін ашып, ой-өрісін дамытатын болады.
Тоғыз жүз мың шаршы метрді құрайтын, үш қабатты ғимараттың ішінде оқушылар үшін бассейн, күресу залы, жекпе-жек залы, үстел теннисі ойындарының залы орналасқан. Сондай-ақ, көркем-эстетикалық блокта бейнелеу өнері, драма үйірмесі, сәндік-қолданбалы өнер, қыш жасау залы бар. Ғылыми техникалық бөлігінде 3D модельдеу, Lego кабинеті, интерактивті кітапхана, биотехнология, ал гуманитарлық блокта фото және бейне студия, журналистика, моториканы дамыту үйірмелерін табуға болады. Музыкалық білім бөлімінде дыбыс жазу студиясы, музыкалық аспаптар, вокал студиясы бар. Сонымен қатар футбол алаңы, баскетбол, волейбол, воркаут, балалар ойын алаңы оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға арналады.

🔷 Ал ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6. Физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника. lego құрылысы, химия үйірмелері жұмыс істеп тұр.

🔷 Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.
Өнер және музыкалық бағыт бойынша домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка, ал көркем-эстетикалық бағыт бойынша ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу, қыш өнері, қолөнер үйірмелері жұмыс істеп тұр.
Қабілетін арттырғысы келетін әрбір оқушыға есік ашық!

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

smarttop

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру