4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ 4 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастыруымен Тұран аудандық «Мансап» орталығында кезекті «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Шара барысында білім беру, медициналық, техникалық, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі мен «Қазақстан Фридом Финанс» АҚ банкі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ мен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша 4 мыңнан астам уақытша және тұрақты жұмыс орындары ұсынылды.

🔷 Жұмыс беруші 35 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырып, мансап жолын бірге бастауға шақырды.
Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалалық «Жастар Ресурстық» орталығы және » Жастар рухы» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шара бірінші кезекте жұмыс іздеушілердің мүддесін көздейді. Мақсат — жұмыс берушілерді тарта отырып, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту. Жәрмеңкеде Шымкент қаласындағы 100-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысып, 5000-нан аса жуық медициналық, техникалық және педагогикалық мамандық бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда, «Арт-құрылыс», «Каз Транс Аймақ», «Halyk Bank» АҚ,  «Magnum Cash Carry» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС және т.б қаладағы арнаулы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар мен мектеп, бала-бақшалар. Жәрмеңкеге қатысқан шаһар басшысы М.Әйтенов осындай шаралардың арқасында жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізетінін сөз етті. Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Бүгіндегі  жаһандану заманында кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан және де жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Бүгінгі қала тұрғындарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыс іздеп жүрген азаматтардың  санын  азайтып, жұмыссыздардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік, — деді қала әкімі.

🔷 Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 57 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 16 мыңнан астам жасты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту көзделген. Қазіргі таңға 13 мыңға жуығы қамтылып отыр.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ” ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ӨТУДЕ

smarttop

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

smarttop

ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ БОЛЖАМЫ

smarttop

Пікір қалдыру