22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ VI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

🔷 Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының алтыншы сессиясы болып өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Біріншіден, аудан әкімдерінің есебі тыңдалып, тиісті бағдар берілді. Басты мақсат – қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта құрып, аумақтарды дамыту, халықтың әлеуметтік мәселелерін барынша шешуге бағытталған жұмыстарды күшейту.
Осы міндеттерді сапалы орындау үшін аудан әкімдерінің ұсынысымен әр ауданнан коммуналдық мекемелер ашылып, оларға қажетті ресурстар мен қаржы берілді.

🔷 Мұнан соң жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Сессияда аудан әкімдерінің есебінен соң, жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды. Биылғы жылы 1 сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы қабылданды. Қаламызда урбанизация процесі қарқынды жүруіне байланысты оқушылар саны да жылдан-жылға артуда.

—Өз болашағын Қазақстанмен байланыстырып отырған түрлі этнос өкілдері Шымкент қаласының дамуына үлес қосып келеді. Атап айтқанда, Ассамблея мүшелері этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру және этномедиация саласында ауқымды жұмыс ақтарып жатыр. Сонымен қатар Ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктер қала экономикасына шетелдік инвестиция тартуға да көмектесіп келеді. Бүгінгі таңда осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде Шымкент 15 бірлескен инвестициялық жоба сәтті іске асты, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

🔷  Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында биыл 48 мекеме жаңадан пайдалануға беріледі. Оның ішінде 15-і жалпы орта білім беретін мектептер. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2026 жылға дейін 18 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр.
Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдері мен басқарма басшыларының есебіне қатысты сын-ескертпелердің орындалуына басты назар аударуды тапсырды. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

🔷  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

smarttop

ҚАРАТАУДА 26 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру