3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 8 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 390 көшенің қазіргі уақытта 110 көшесі жарықтандырылған. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, биыл 14 көшені жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Атап айтқанда, Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көшелер, яғни №25, 28 мектеп аумағы, Әбдіразақов көшесі, Ж.Тыныбаев көшесі, Өзбек көшесі, Қалалық жүйке аурулары орталығы, Бөгет көшесі.

🔷 Ал 16 шағын ауданы бойынша №39 мектеп жанындағы ішкі орам көшесі, М.Мәметова көшесі. Сондай-ақ, Сәуле шағын ауданындағы Күмісті, Наурызым, Тұмарлы, Әблязимов көшесі, Мәделі Қожа және Сасбұқаев көшесі.
Айта кетейік, осылардың ішінде биылғы жылдың тамыз айына дейін 8 көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары – бұл арнайы электр техникалық құрылғылар, үйжайларды, ғимараттарды, территорияларды, сондай-ақ, жануарларды, құстарды немесе ауылшаруашылық өнімдерін УК сәулелендіруге және ИҚ жылытуға арналған.Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының негізгі элементтері жарықтандырғыштар және сәулелендіргіштер болып табылады.Жарықтандырғыш – бұл жарықтандыру көзінен және арматурадан тұратын, жақынға эсер етуші жарықтандыру аспабы.Сәулелендіргіш – бұл УК- немесе ИҚ-сәуле көзінен және арматурадан тұратын, аспап.Жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштер арматурасы сәулелендіру ағынын таратуға, жарық көзін механикалық зақымдалудан қорғау, оны бекітуге, оған электр энергиясын әкелуге және сәлелендіру көзінің соқырлату әсерінен адамның көзін қорғау.

🔷 Олар:
1.Күншығыс шағын ауданындағы ішкі орамдық көше (№25, 28 мектеп аумағы)
2. Әбдразақов көшесі.
3.Өзбек көшесі,
4. Бөгет көшесі,
5. М.Мәметова көшесі,
6.Ж.Тыныбаев көшесі,
7.Қалалық жүйке аурулары орталығы,
8.16 шағын ауданындағы ішкі орам көшесі.
Сонымен қатар, Сәуле шағын ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Әлеуметтік желіде тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған генерал Мұрат Қабденов алғыс алды

smarttop

Полицейлер «Қорғау» көмегімен 10 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады.

smarttop

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕН МИНИСТР СУ ЖАЙЫН ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру