22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ОРТА ЖӘНЕ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТЕ 213 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

🔷 Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. . Сала экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс.
Бұл ретте Мемлекет басшысысы бірқатар тапсырмалар жүктеп, нәтижелі мемлекеттік бағдарламаларды бекітті. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде Шымкентте бүгінде 128,6 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

🔷 Өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 46,4%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 213,7 мың адамға жетіп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өскен.

Шымкент қаласында 107 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайызға артып отыр.
Ал, осы салада жұмыспен қамтылған адамдар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға артып, 189 мың адамды құрап отыр.
Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлердің өндірілген өнім көлемі 738 млрд. теңге болса, жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 38,9 пайызды құрады.
Сондай-ақ, қалада кәсіпкерлер мен инвесторларға консультациялар, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі жұмыс істейді. Фронт-офис 2022 жылы 11 655 бизнес өкіліне қызмет көрсетті. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» (Бизнестің жол картасы-2025 бағдарламасы) шеңберінде жыл басынан 3 673 жобаға (1 389 жаңа жобалар) 11,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1,3 млрд. теңге бөлініп, 1,3 млрд. теңгеге 129 жобаға шағын несиелер берілді»,-деді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

🔷 Өндірілген өнім көлемі бойынша бүгінде 517,8 млрд. теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 50,3%-ға жетті.
Бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3516 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТТЫ

smarttop

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «BARCAMP–2022» ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛДЫ

smarttop

«Аялы алақан» орталығы

smarttop

Пікір қалдыру