0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢБЫР САЛДАРЫНАН СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТАЗАРТЫЛДЫ

🔷 Бүгін 27 тамыз ауа-райының жауын-шашынды болуына байланысты Шымкент қаласында су басу қаупі бар аймақтарға мердігер мекемелердің техникалары шұғыл түрде жұмылдырылып, жиналған суды тарту жұмыстары әрбір аудан аумағында жылдам жүргізілуде.

🔷 Атап айтқанда, Абай ауданы бойынша “KazStroiCapital LTD” ЖШС-інің 7 арнайы техникасы, 6 мотопомпа құрылғысы, 25 жұмысшы жауынның салдарынан болған су қалдықтарын тарту жұмыстарын атқаруда.

🔷 Әл-Фараби ауданы бойынша “Таза Өлке” ЖШС-інің 15 арнайы техникасы және 2 мотопомпа, 25 жұмысшысы жұмылдырылды.

🔷 Еңбекші ауданы бойынша “Группа Интеко” ЖШС-інің тарапынан 5-камаз, 3-мотопомпа, 1-насос, 2- ассенизатор, 22 жұмысшы қазір жаңбыр суларын тазартуда.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты. Жауын шашынның салдарынан иррагациялық жүйелер  толып қалуда.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.
Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

🔷 Қаратау ауданы бойынша “Жасыл Жер Шымкент” ЖШС-інің 11 арнайы техникасы мен 3 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы су басқан жерлерді қалпына келтіруде.

🔷 Тұран ауданы бойынша “Шымкент Спец Комплекс” ЖШС-інің 14 арнайы техникасы, 2 мотопомпа құрылғысы және 20 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар орындар бақылауда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ЕЛТАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАҢА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ

smarttop

109 ОРТАЛЫҒЫНА 200 МЫҢНАН АСТАМ АРЫЗ-ШАҒЫМ ТҮСТІ

smarttop

Пікір қалдыру