-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 5 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫН ҚАТЫСЫП, СҮЙІКТІ ҚАЛАМЫЗҒА ТАЗАЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

🔷 Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтарды тазалау жұмыстары атқарылды.
Жалпықалалық сенбілікке Қаратау ауданынан «Қаратау» КММ-і 130, 500-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытып, қала көркі мен тазалығына күш салды. Ал, тазалық жұмыстарына 12 арнайы техника тартылды.

Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, «Шымкент» ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады. Сенбілік-тазалық кепілі. Сенбіліктің басты мақсаты — аудан көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Аудан орталығы Шонжы ауылдық округінде, ауылды қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысты. Әлі де мұндай шаралар жалғасын таппақ. Сенбілікке қатысқан барлық белсенділерге алғысымызды білдіреміз!Шара барысында айыр, күрек, кетпен асынған тұрғындар саябақ маңайын арам шөптерден тазалап, тал-теректерді әктеді. Сынған бұтақтарды жинап, күл-қоқыстарды жүк көлігіне тиеді.

Сенбіліктің мақсаты — жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.

🔷 Еңбекші ауданынан «Еңбекші» КММ-і 123, «Группа Интеко» ЖШС-інен 250 жұмысшы мен 23 техника, «Жасыл Ел» ЖШС-інен 32 жұмысшы, 4 техника қатысса, 700-ге жуық тұрғын мен кәсіпкерлер де өз ынталарын танытты.

🔷 Ал Абай ауданынан «Абай» КММ-і 120, жергілікті мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындары жұмылды. 14 арнайы техника атсалысты.
Сондай-ақ, Тұран ауданында үш мыңға жуық аудан аудан тұрғындары атсалысты. Атап айтқанда, көпқабатты үйлердің тұрғындары, мектеп ұжымдары, бизнес нысанының иелері және елдімекен тұрғындары қатысты. Он техника тартылды.

🔷 Әл-Фараби ауданының тазалығына жауапты «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелер жұмысшылары, Теріскей шағын ауданы көпқабатты үйлердің тұрғындармен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырылған сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 8 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

smarttop

ЕНДІ РЕЗОНАНС ТУДЫРҒАН СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ САРҚЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ СУ КАНАЛЫНА ТӨГІЛУ

smarttop

ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру