13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЯЛЫ САЯБАҚ БОЙ КӨТЕРУДЕ

🔷 Сәуле шағынауданы тұрғындарының үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.

🔷 Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған.
Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр.

Сәуле шағын ауданы (276 орам) тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмысының 87 пайызы аяқталды.
Мердігер мекеме «Ақсемсер-стройсервис» тарапынан 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желілері тартылды. Құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Бекітілген жоспар бойынша, құрылыс жұмысы аяғымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туады.
Бүгінгі күнге дейін жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген шағынаудан тұрғындарының мәселесі биыл шешімін табады.Сәуле шағынауданындағы 276-орамда газдандыру құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі М.Әйтенов елдімекенді аралап, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын қадағалады. Мердігерлер аталған орамға 28 шақырымдық газ құбырын тартуда. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстың көлемі 98% құрайды. Алдағы күндері «ҚазТрансГаз» мекемесі техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстарын бастайды. Өндірістік кестеге сай газдандыру жұмыстары ағымдағы жылы тамыз айында аяқталады. Нәтижесінде 1263 абонент көгілдір газбен қамтылады. Сәуле шағын ауданы (276 орам) тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмысының 87 пайызы аяқталды.

🔷 Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

🔷 Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады.

🔷 Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

“ШЫМКАЙ” ЖИҺАЗЫНЫҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АУМАҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

smarttop

Пікір қалдыру