16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҰЛТТЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

🔷 Қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 3 378 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы соммасы 11 миллиард 1,1 миллион теңгені құрап отыр.

🔷 Ұлттық жобада шағын кәсіпкерлер, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері алатын несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көзделген. Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде.

🔷 Мұндай кәсіпкерлерге берілетін несиенің шекті соммасы 3 миллиард теңгеден, ал, несиелеу мерзімі 5 жылдан аспауы шарт. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкі белгілеген базалық ставкаға 5 пайыз қосқандағы көрсеткіштен аспауы тиіс. Оның 13,75 пайызын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкердің өзі төлейді. Оған қоса ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру тетігі де қарастырылған.

🔷 Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменінің бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша 3 021 жобаға 10 миллиард 921,9 миллион теңге қолдау көрсетілген. Ал, банк несиелерін ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 357 жобаға 939,2 млн. теңге қолдау көрсетілген.

🔷 Айта кетейік, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсынуды қазан айында өткізу жоспарлануда.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ПОДГОТОВКА К ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ В ШЫМКЕНТЕ ПОЛНОСТЬЮ ЗАВЕРШИТСЯ 1 ОКТЯБРЯ

smarttop

«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖӘНЕ ЖАС АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру