🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы өкілдерімен кездесті. Олардың арасында саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары бар.
🔷 Жиында саладағы маңызды мәселелер талқыланып, мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді.
🔷 “Қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу — ортақ міндет. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы кездесуді жөн санадым. Алдағы уақытта қала мәдениеті мен өркениетін дамыту бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз” – деді қала әкімі. Мәдениет саласы бойынша өткен жылы Шымкентте 9 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 10 мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 ғимарат құрылысы басталмақ. Жұмыс ауқымына қарай 2025 жылға дейінгі аралықта атқарылады, — деді Дәурен Әскербекұлы.
Министр әдебиетті қолдау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Қаламгерлер мен баспагерлерге мемлекет тарапынан қолдау мақсатында биылдан бастап министрлік алғаш рет «Айбоз» әдеби сыйлығын тағайындап отырғанын айтты.
Шымкентке саяхаттап келушілер үшін туристік қауымдастықпен келісе отырып, 27 тур-бағыт ұсынылған. Оның 17-сі Шымкентте болса, 10-ы Түркістан облысымен бірлескен бағыт. Олар тарихи-мәдени, экологиялық, экстремальді, өндірістік сынды бағыттарды қамтиды.
— Тарихи-мәдени нысандарға қатысты Шымкенттегі Сайрам өлкесін атап өткен жөн. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим ата мен анасы Қарашаш ана кесенелерінің аумағын қалпына келтіру бойынша эскиздік жоба әзірленіп, заманауи жолсілтегіштер, стендкарталар орнатылып жатыр. Биыл шымкентке 3 айда 97 мың жуық турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 129 пайызға артқан, — деді министр.
🔷 Мәдениет саласының өкілдері жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қалада “Наурыз айтысын” қайта жандандыру бастамасы айтылды.
🔷 Қала басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі