7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева бағдарламаның ережесімен таныстырды.
Шаһарда тозығы жеткен тұрғын үйлердің мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылды. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылып, қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп жатыр. Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қала басшысы жауаптыларға реновация бағдарламасының ережесін қайта қарауды және инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, тиімді ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынған. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Авариялық және тозығы жеткен үйдің орнына салынып жатқан нысаннан қолданыстағы баспанасының көлеміне сай жаңа пәтерлер бөлінеді. Сондай-ақ, қосымша ақы төлеген жағдайда тұрғындарға пәтерін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Құны 16 миллион теңгеден асатын ұсақ малдарды сатып жіберген қойшы ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру