8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өткізді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті. Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен қоғамдық кеңес төрағасы Бахыт Омарбеков, полиция қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл осы бойынша әрбір бөлім қызметкерлеріне түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиналғандар қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресетіндігін жеткізді. Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында атқарылуы керек жұмыстар баса айтылып, бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық індетін жою — баршамыз үшін міндет.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 800-ДЕН АСА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

smarttop

БАЗАРЛАРДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАДА ЖЫЛЫНА 11 МЫҢ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру