31.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Шымкент қаласында биыл 9 айдың қорытындысында 3 мектепке 2 000 оқушы орнын қамтитын қосымша ғимарат салынды. Оған қоса жаңадан 18 000 орындық 20-ға жуық жекеменшік мектеп ашылды. Нәтижесінде, қалада үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешімін тапты.
Атап айтқанда, №1 мектепке 600 орындық, №45 мектепке 300 орындық, №65 мектепке 600 орындық қосымша құрылыс жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. 4 мектептің (№63, 97, 101, 139 мектептер) ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылды. 9 мекеме (4 мектеп, 2 балабақша, 1 колледж, 2 арнайы мектеп-интернат) күрделі жөндеуден өтті.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша қалада 2025 жылға дейін 18 нысан салынады деп жоспарланған. Оның 12-сінің құрылысы биыл басталды.
Шаһарда білім беру ұйымдары 100 пайыз арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттермен толығымен қамтылды. Мектептердегі компьютерлік құрылғылардың үлесі – 4 оқушыға 1 компьютерден келеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

16 млрд залал келтірсе де бостандықта.

smarttop

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРУДА

smarttop

Үндеу халыққа не береді?

smarttop

Пікір қалдыру