Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» коммуналдық мекемесі пайдалануға берілді. Үш қабатты орталықта бір мезетте 70 адамға қызмет көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жадбықталған ғимаратта түрлі ем шараларын алып, демалу үшін барлық жағдай жасалған.
Демалушылар үшін ғимаратта арнайы электромагнитті терапия бөлмесі, дәрілік шөп тұнбалары ұсынылатын фито бар, сумен емдеу орталықтары, кітапхана, мәжіліс залы қарастырылған.
Орталықта жыл сайын 2 мыңнан аса ардагерге санаториялық қызметтер көрсетілетін болады. Санитарлы-гигиеналық, мәдени іс-шаралар демалушылардың денсаулығына, жас ерекшеліктері мен қызығушылығына қарай жүргізіледі.
Айта кетейік, қалада бүгінде 88 030 зейнеткер тұрады. Биылдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылды. Жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам еліміздегі түрлі шипажайларға жолдама алған.
Жыл соңына дейін мыңнан аса зейнеткерді оңалту шараларымен қамту жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЯЛЫ САЯБАҚ БОЙ КӨТЕРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

smarttop

Ғ. Сыздықбеков шұғыл түрде тапсырмалар жүктеді

smarttop

Пікір қалдыру