8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 8 қазан күні басталған «Жайдарман» лигасының жартылай финал ойыны өтті.
Жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында бастау алған ойында, «Жайдарман» лигасының 1\4 ширек финалынынан өткен 8 команда ойын көрсетті.
Әділ қазылар қатарында Нысана театрының актері, ардагер жайдарманшы Абай Аязбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Әбілхаиров, «Миллион» командасының мүшесі, «Жайдарман» ойындарының 2021 жылғы чемпионы Мансар Орынхан, әнші Әбдіжаппар Әлқожа мен 2021 жылғы жайдарман ойынының жоғары лига чемпионы, «Жездуха» жобасының актері Мақсат Бөбей төрелік етті.
Қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынан құрылған ойында әділ-қазылар алқасының шешімімен 5 команда финалға жолдама алды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ГАЗ СТАНЦИЯЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

smarttop

Дүкеннен тұтынушының ұялы телефонын ұрлаған ер адам анықталды

smarttop

«Аялы алақан» орталығы

smarttop

Пікір қалдыру