13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТRT-нің Бас директоры доктор,  профессор Мехмет Захид Собажы  әлемдегі ең ірі хабар тарату  одағының президенті атанды

Әлем халқының жартысынан көбіне қызмет көрсететін, шамамен 3,5 миллиард көрермені және 64 елден 246 мүшесі бар әлемдегі ең ірі хабар тарату одағы болып табылатын Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) 60-шы отырысы 2023 жылдың  1 қарашасында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде өтті.

Оңтүстік Корея телерадиокорпорациясының (KBS) ұйымдастыруымен өткен жиында TRT-нің Бас директоры доктор, профессор Мехмет Захид Собажы мырза ABU президенті болып сайланды.

TRT сегіз маусым бойы ABU-нің ең жоғарғы әкімшілік органы болып табылатын Директорлар кеңесінің құрмына еніп отыр.Сонымен қатар ABU Жоспарлау және стратегия тобы, Радио жұмыс тобы, Цифрлық медиа жұмыс тобы, Бағдарламалар бюросы және Техникалық комитет сияқты комитеттер мен жұмыс топтарының қатарында бар.

Доктор, профессор Мехмет Захид Собажы мырзаның ABU президенті  болып сайлануымен ТRT одақ ішіндегі өз  орнын нығайтып отыр.

2023 жылдың 1 қарашасынан бастап жаңа лауазымын 3 жыл атқаратын Бас директорымыздың көмекшілері ретінде Қытайдың «NRTA» хабар тарату корпорациясының Бас Директоры Ян Ченгшен, Үндістанның «Prasar Bharati» Телерадиокорпорациясы Бас директорының орынбасары Сунил Бат  және NHK жапондық хабар тарату корпорациясының Вице-президенті Тацухико Иноуэ  тағайындалды.

Доктор, профессор Собажы ABU Бас хатшысы Ахмед Надиммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және сапарлар, ABU аясында жүргізілетін зерттеулер және Одақтың өзекті мәселелері бойынша үнемі пікір алмасып отыратын болады.

ABU-нің  Ассамблеясының  және Директорлар кеңесінің отырыстарын басқаратын Мехмет Захид Собажы мырза алғаш рет 2024 жылдың 9-10 мамырында «MTV Channel» Шри-Ланка хабар тарату корпорациясы ұйымдастыратын Коломбо/Шри-Ланкада өтетін ABU аралық директорлар кеңесінің 117-ші отырысына алғаш рет ABU президенті ретінде қатысады.

Доктор, профессор Собажы мырзаның төрағалығымен ABU 61-ші Бас ассамблея жиналысы 2024 жылдың қазан айында Ыстамбұлда TRT-нің ұйымдастырулымен өткізілуі күтілуде.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗ ТҰТЫНУ ҚАУІПСІЗДІГІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН 76 ТҰЛҒА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАН

smarttop

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

БАЙЛАНЫСШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ

smarttop

Пікір қалдыру