Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Гагарин көшесіндегі №34, №137 көпқабатты тұрғын үйлерге барып, орталықтандырылған жылу жүйесін тексерді. Қазір жертөледегі элеватор торабына дейін 65-70 градус жылу берілуде. Тексеріс барысында көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жүйелеріндегі құбырлардың жарамсыз екендігі анықталды. Бұл пәтерлерді сапалы жылумен қамтуға кедергісін тигізуде.

Жалпы, «Қуатжылуорталық-3» мекемесі жылуды көпқабатты тұрғын үйдің торабына дейін жеткізуге жауапты. Ал, ішкі коммуникациялар тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады.

Қала әкімі жауаптыларға ескірген пәтерішілік жылыту қондырғыларын өз есептерінен ауыстыру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ пәтер иелерінің кооперативінің орнына коммуналдық мемлекеттік мекемесін құруды қарастыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 58 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ ИПОТЕКАЛЫҚ БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

smarttop

ТRT-нің Бас директоры доктор,  профессор Мехмет Захид Собажы  әлемдегі ең ірі хабар тарату  одағының президенті атанды

smarttop

Пікір қалдыру