1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков автобекеттерді аралап, жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын қадағалады. Ең алдымен, жауаптылармен бірге “Айна” көтерме базарының аумағындағы нысанға барып, өзекті мәселелерді пысықтады. Автобекет ашылғалы 3 облысаралық, қалааралық және 14 облысішілік бағыттарға қызмет көрсетілген. Қазіргі бағыттың негізгі нүктелері — Түркістан облысындағы Ақсукент, Т. Рысқұлов және Түлкібас елді мекендері. Күн сайын тұрғындарға 8 автобус қызмет көрсетеді, ал жалпы ағыны 200 жолаушыны құрап отыр.

Ж.Тәшенов көшесіндегі «Көл» аялдамасына жақын орналасқан «Ар» автобекеті 2008 жылы ескі нысанның орнына салынған. Қазір Түркістан облысындағы Леңгір, Ақсукент, Қарамұрт елді мекендері – негізгі бағыттары. Жалпы ағыны 280 жолаушыны құрайтын нысанда күнделікті 30 шағын автобус қызмет көрсетуде.

Аталған нысандардың жұмысымен танысқан қала басшысы жауаптыларға заңсыз тасымалмен күрес шараларын күшейтіп, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын заманауи талаптарға сай жақсартуды жүктеді. Сонымен қатар, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында бекеттерді озық үлгіде жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас ақпараттар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТАМАҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

БІЗ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАДЫҚ!

smarttop

16 ЖЕЛТОҚСАНДА ХҚО-ЛАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру