Smarttop.kz

ЖЕТІ ЖАСАР АЛИНАНЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

Президентке мерекелік хат жазған 2-ші сынып оқушысының тілегі орындалды. Жаңа жыл қарсаңында хат жолдаған Алина Кеңеске өз өтініші бойынша сыйлықтар берілді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек №52 мектеп-лицейінің 2 д сынып оқушысы Алина Кеңестің отбасына арнайы барды. Мерекелік сыйға телефон сұраған жасөспірім қызға Мемлекет басшысының құттықтау сөзі жазылған хатын оқып беріп, смартфон және жаңа жылдық сыйлықты табыс етті.

Сәрсен Абайұлы көпбалалы отбасын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, талапты оқушыға ізгі тілектерін жеткізді.

—Ата-анаңның үмітін ақтап, оқуда озат бол. Болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын талапты азамат болуыңа тілектеспіз. Отбасыңда тек жақсылық, қуаныш болсын. Жаңа жылда тек жақсылыққа, табысқа кенеле беріңіздер, — деді қала әкімінің орынбасары өз құттықтау сөзінде.

Айта кетсек, Алина Кеңес №52 мектеп-лицейінің 2 д сыныбында оқиды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасының үшінші перзенті. Арман-тілегі орындалған балақай өз ризашылығын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ШАПИТО ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТТЫ

smarttop

«Жер алып беремін» деп тұрғынның 2.000 000 теңгесін алдап алған күдікті ер адам анықталды

smarttop

Пікір қалдыру