3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСІН ҚАБЫЛДАДЫ

🔷 Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет қонды. Әуежай басшылығы экипажды жылы қабылдауды ұйымдастырды.
Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды.
🔷 Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады.»Шымкент» әуежайы шектеусіз әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдайтын халықаралық әуежай болып келеді.Тәулік бойы режимде жұмыс істеп, ол кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды толық көлемде қамтамасыз етеді.ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттардың ХСС талаптарына сәйкестік сертификаты және IQNet бірыңғай халықаралық үлгідегі сертификаты бар. «Шымкент әуежайы инвесторды тарту үшін сатылымнан алынып тасталды. Яғни, жекешелендіру емес, дәл инвесторға беріледі. Әңгіме нақты инвестор тұрғысында… Егер сіздер көрген болсаңыздар, Шымкент әуежайы жанында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Біз қазір әуежайды инвесторға беру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонда барлығы бір кешенде болады»,-деді министр.

🔷 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында
Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын.
🔷 Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.
🔷 Шымкенттегі «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды.
🔷 Бүгінгі таңда мұнда жалпы құны 25,2 млрд. теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды.
Қазіргі уақытта жалпы құны 59 млрд. теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИЗНЕС ҮШІН ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛА ДЕП ТАНЫЛДЫ

smarttop

ПРИЕМ ЗАЯВОК ПО ПРОГРАММЕ” БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ » НАЧНЕТСЯ 20 ИЮНЯ

smarttop

2024-2026 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары қандай болмақ?

smarttop

Пікір қалдыру