

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірнеше облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар 100 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болды. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға кешенді қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Мәселен төтенше жағдай жарияланған қалалар мен аудандарда 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), сол көмекті алуға мемлекеттік органдарға жүгінбесе де, автоматты түрде тағайындалды. Еске салайық, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтар үшін АӘК және т.б. жеңілдіктер проактивті форматта ұзартылып отырады. 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде балалардың да мүгедектігін қайта растау мерзімі автоматты түрде ұзартылды. Олардың бәріне мүгедектік тобына байланысты тиісті жәрдемақы тағайындалып отырады. Сондай-ақ дереккөз ақпараты бойынша, зардап шеккен аймақтардан 96 мүгедектігі бар адам эвакуацияланған.


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі