Республикалық экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
«Киелі мекен» аптасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады. Бүгінде мегаполисте бүлінген аялдамалар қалыпқа келтіріліп, қала көшелерін жамау жұмыстары да қарқын алған. Бүгінде «Жасыл аймақ» апталығы аясында кеншілер қаласында 500-ге жуық ағаш егіліп, 200-ден астам тұрғындардың қатысуымен бұлақ көздері ашылды. 7 күндік науқанда әлі бір талай жұмыстар атқарылмақ. Жалпы аймақ бойынша 90 мыңнан астам көшет егіледі. 100-ге жуық мектеп оқушылары құстарға ұя жасап, саябаққа апарып ілді. Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға 17 облыс пен 3 қаланың тұрғындары жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Әр өңірдегі жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция 5 аптаға жоспарланған. Ауа мәселесін тазарту, жылдар бойы жұмыс істеп келе жатыр, бірақ нәтиже өкінішке орай аз. Қуантарлық жақтан волонтерлік жастар ұйымын айтқым келеді. Экология өзекті проблема болғандықтан, жер ананы құтқару үшін әр қалалардан жастар волонтерлік ұйымдар ашып қала тазалығын жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік желілерде де, әлем экологиясы қызу талқылануда. Бұл жастар бастаған жаңа қозғалыс деп білемін. Экологияны жақсартуға менің ұсынар тізімім:көп ағаштар отырғызу, қоқысты лақтыра салған жағдайда үлкен көлемдегі айыппұл төлету, қоқысты дұрыс сұрыптау заңды болсын, қоғамдық көлік және вело инфрақұрылымды дамыту, қалаларды көгалдандыру жүргізу. Бұның бәрі Қазақстан экологиясына аздап болса да көмегін тигізер еді деп ойлаймын. Бұл ойды қорытындылай келе таза қала бәрімізге керек.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі