


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Біз негізі көп нәрсеге көз жұмып қараймыз. Бірақ соның зияны айналып келгенде өзімізге тиеді. Үйден шыққан қоқысты көзден таса жерге тастай салуды мен де білемін. Бірақ оның ауаны ластайтыны белгілі. Лас ауа айналып келгенде денсаулыққа кесірін тигізеді. Одан бөлек қаланың көркін қашырады. Сондықтан мен ондайға жол бергізбеуге тырысамын. Күнделікті тұрмыстан артылған қалдықтарды арнайы көлік тіркемесіне жинатамын. Жеуге келетін жуындылар болса малға бергізем немесе итке тастаймыз. Ал қалған қалдықтарды тіркеме толған кезде қала сыртындағы арнайы қоқыс тастайтын орындарға төккіземін. Бұған үлкен жауапкершіліктің керегі жоқ сияқты. Қарапайым қағида, өзіміз үшін оңтайлы шешім. Сондықтан тазалық мәселесінде біз алдымен өзімізге жауап беруіміз керек. Сонда барып аула тазарады.