3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ 927 ТҰРҒЫН ҮЙ БАНК АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛДІ

❇️ «Нұрлы көш» — Қазақстан мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылды.«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.  Бағдарламаның мақсаты – отандастарымызды атамекенге қайтару, сондықтан елге оралған қандастарымызға сатып алу құқығымен тұрғын үйлер бастапқыда 8 жылға жалға берілді. 🔷 Қазіргі таңда бағдарлама арқасында жақын шет елдерден Шымкент қаласына қоныс аударған 975 отбасының 927-і жалға алған үйлерін «Отбасы банк» арқылы ипотекалық несие негізінде рәсімдеуде. «Отбасы банк» талаптарына сәйкес несие уақытын өткерген соң қандастар тұрғын үйді жекеменшік иелікке рәсімдей алады. 🔷 Айта кетейік, қалған 48 отбасы тұрғын үйлерді «Отбасы банкпен» рәсімдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу мақсатында ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы арқылы хат жолданған. Министрліктің жауабына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар

Казахстан впервые попал в список «средних держав» мира

smarttop

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛІСІМШАРТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру