Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ГИДТЕР МЕН МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІЛЕРІ ҮШІН СЕМИНАР ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында туризмді дамыту бағытында «Visit Shymkent» орталығы бұл жолы гид-экскурсоводтар мен мейрамхана әкімшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырып отыр. Жиын барысында қатысушылар туризм және мейрамхана ісі саласындағы соңғы трендтермен танысып, спикерлермен тәжірибе алмасады, бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы біледі.
Семинарға мейрамхана ісі бағытында тәжірибе бөлісуге Украина мемлекетінен мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы Денис Мельниченко мен ҚР Қоғамдық тамақтандыру өзін-өзі реттейтін ұйымның төрағасы, тамақтану қызметі бойынша аналитик және бизнес-процестер мен стандарттау аудиторы Вероника Нурпеисова арнайы шақыртумен келді.
Орталықтың негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қаладағы туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарып отыр. Ақпараттық киоскілерден бүгінге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелдік қонақтарға ақпараттық-консультация алған. Туристік-ақпараттық орталығы келушілер санын арттыру және шаһардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойған.

Ал, гид-экскурсоводтарды оқытуға спикер ретінде Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық сарапшы Михаил Шамшидов пен «Қазақстан тау-гидтері ұлттық қауымдастығының» президенті Лавренова Олеся келді.
Семинар 3 күнге жалғасады. Бұл сала мамандары үшін дамудағы алғашқы баспалдақ болу мүмкін. Теория мен практиканы қатар үйрететін мамандар семинардан соң қатысушыларға сертификат табыстайды. Айта кетейік, бұған дейін туристік индустрияның 250-ден астам өкілі біліктілігін арттыру туралы сертификат алған.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

smarttop

ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ХИРУРГТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру