0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮЛЕКТЕР 30 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Санаулы күндерден кейін мектеп оқушыларына жазғы демалыс басталады. Ал 11 сынып оқушылары жаңа өмірге жол тартпақ. Олар аз ғана уақытта балалықпен қоштасып, студенттік шақтың қызығы мен шыжығына бетпе-бет келеді. Дегенмен оқушылар білім ұяласының көркейіп, көгалдануына үлестерін қосуды ұмыт қалдырмаған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Түлектердің ағаш отырғызу» челленджі бірнеше апта бұрын басталған еді. Бүгінге дейін Шымкент қаласының көптеген мектептерінде ұйымдастырылған сенбілік тағы да жалғасын тапты.
Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп бітірушілері 30 — ға жуық ағаш отырғызды. Бүгінгі жиында оқушылардың жақсы көңіл-күйде жұмыс атқаруларының бірден-бір себебі ұйымшылдық. Бір үйдің баласындай болған жастардың мақсаты бір. Елдің ертеңі үшін туған азамат болу. Айналаны тазалап, жасыл желекке айналдырған мектептің ұжым мүшелері мен оқуышылары бұған дейін де тазалық акцияларына қатысқандарын айтты.

Жас түлектерге білім ор­да­­сының ауласын көгалдан­ды­руға, «Түлектер аллеясы­на» ағаштар отырғызуға ата-­аналары қолдау білдірді. «Тү­­лектер аллеясына» осы күні әр­бір­ мектеп түлегі жаңа туя қыл­қан жапырақты ағаш­тарын отырғызды. Қолдарына күрек пен шелек алып, жас ағаш­тарды мәпелеп, тілектерін айтып отырғызған түлек­тердің ізгі ниеттеріне мектеп-лицей ди­ректоры Жанар Төреқұлова да қолдау көрсетті. Мектеп бас­шысы оқушы­лар­мен бірге игілікті іске мұрындық болды.– «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жыл­дығын ойлаған халық ағаш егеді, мың жылдығын ой­ла­ған халық саналы ұрпақ тәр­биелейді» деген қазақта да­налық сөз бар. Міне, бү­гін мектеп түлектері сынып жетекшілерімен бірге жақ­сы істің басынан табылды. Жыл­дағы дәстүрмен мектеп-ли­цей ауласын жасыл желекпен көгалдандыруға атсалыс­ты.
– Бұл біздің алғашқы жұмысымыз емес. «Таза Қазақстан» акциясы барысында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарына да өз үлестерімізді қостық. «Атадан мал қадғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған ғой. Келесі буынға үлгі болу мақсатында осындай игі іске қатысқанымызға қуаныштымыз. Жалпы бұл жұмыстар әр адамға күш береді деп ойлаймын. Сондықтан, барша жасты тазалықты ұстауға және көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға шақырамын, дейді бітіруші түлек Гүлнұр Убайдулла.
«Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ қызметкерлері мен «Жер елшілері» тобы және №36 ЖОББМ мұғалімдері мен мектеп бітіруші түлектері қатысқан жиында білім ұясының ауласы тазаланып, әктеу, сырлау және көгалдандыру жұмыстарымен аяқталды.
“Шымкент келбеті”

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАНДЫ

smarttop

№34 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ КЕЗЕКТІ РЕТ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру