Smarttop.kz

ҚАРИЯЛАР АЗАЙЫП БАРА ЖАТЫР

Мереке қарсаңында мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Төлепбергенұлы мен Н.Масунованың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады.
Ардагерлерімізбен сұхбаттасып, ақ тілектерін білдіріп, қос ардагерге шапан жауып, лайықты сый-құрмет жасады. Майдангер қарттар өз кезегінде батасын беріп, бейбіт күніміз, берекелі тыныштығымыз мәңгі болсын деген тілегін айтты. Ардагерлер ауласын театр әртістері майданда жауынгерлерге рух берген әндерді орындап, естелікке толтырды.

– Ардагерлердің зұлмат соғыс жылдарындағы Отан қорғаудағы ерліктері, ұрыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге қосқан зор үлестері мәңгілік есімізде сақталады. Азаттық жолындағы қаһармандығы мен батылдығы өскелең ұрпаққа үлгі, зор мақтаныш,– деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. Жалпы, қанатты қағидалар қағаберісте, жай әншейін айтыла салмайды. Өмірден көрген түйін, тұрмыстан көрген тәжірибе бағалы сөздің салмағын санаға салады.

Туған ауылдың тау жақ беткейіндегі піл сауырлы жасыл төбенің шалғынында, мал келер қарсаңда малдасын құрып, әзілдесе жарқылдап отыратын әкеммен құрдас қарттарды кезінде көп көрдім, көп тыңдадым. Олар менің алғашқы оқулықтарым еді.

Жаздың жаймашуақ кезінде, Үшқоңыр жайлауында, жылдың осы тамаша мезгілінде балалық балдәуреннің бақытына бір кенелер едік. Қатар-қатар сап түзеген киіз үйлердің мама ағаштарына байланған аттарынан асықпай түсіп, бір-бірімен төс түйістіріп, емен-жарқын есендесіп, әзілдескен ағалардың алдынан шығып амандасып, марқайып қалушы едік. Қариялар туралы, олардың еліміздегі өмірі мен тұрмысы туралы ойланғанда, есіме сол кезеңдер түсіп, солардың әрқайсысының айтқан сөздері мен берген ақылдарын жадымда жаңғыртып отырамын.

Ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Аспанымыз ашық болып, елімізді одан әрі өркендетуге ақ жол тіледі.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Мазараттағы көктастарды бояп, бүлдірген жасөспірім анықталды

smarttop

ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ: ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗУДЕ

smarttop

11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗІН АЛУ ЖОБАСЫН ЖАСАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру