0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШАХМАТ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен Қазақстан шахмат федерациясы, Шымкент қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында шахмат турнирі бастау алған болатын. Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінен 120 дан аса өтінім келіп түскен. Шахматшыларды іріктеу барысында 7 мүшеден құрылған төрешілер алқасы ойыншыларды қадағалады.Ойын кезінде ойнаушылар бірі мен бірі сөйлеспейді. Қалта телефондары сөндіріп қойылады, кімнің телефоны дауыс шығарса, сол ойыншыға ұтылыс беріледі. Ойын кодексі қатаң сақталады. «Ұстадың – жүр» ережесі мүлдем бұзылмауы тиіс.

Ойын кезінде барлық партиялар жазылып, ойын біткеннен кейін бас төрешіге тапсырылады. Жарыстар сағатпен ойналады. жарыс біткеннен кейін бас төреші оның қорытындысын хабарлап жеңімпаздарды марапаттайды.

Интеллектуалды ойынның қорытындысы бойынша қатысушылар командалық және жекелей 1, 2, 3 – орындармен марапатталды. Сонымен төрешілер шешіміне сәйкес жеке құрамда сайысқа түскен Әл-Фараби ауданынан Сейтжан Джаханов 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орын Абай ауданынан сынға түскен Нұрсұлтан Жұмадуллаевқа бұйырды. 3-ші орынға Әл-Фараби ауданынан қатысқан Сұлтан Садықов жайғасты. Ал командалық есепте 1-ші орын Әл-Фараби ауданы, 2-орын Абай ауданы, 3-ші орын Қаратау ауданына бұйырды. Барлық шахмат ойынына қатысқан жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль табыс етілді.

Ынталандыру марапаттары бойынша депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері және әйелдер арасында үздік көрсеткіш иелері мен зейнеткерлер арасында үздік деп танылған қатысушылар арнайы грамотамен марапатталды.Сондай-ақ қатысушыларға сертификат берілді.

Іріктеуден өткен 25 үздік шахматшыға 18 маусым күні қала күніне орай Шымкент қаласында өтетін өңірлік жартылай финалға жолдама берілді. Жартылай финалдан өткен жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финалдық ойындарда бақтарын сынайды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Баспана – өзекті мәселе

smarttop

«ДАМУ» ҚОРЫ ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП ОТЫР

smarttop

Пікір қалдыру