0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

65 – БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ӘЛЕМ

Бүгін Шымкенттегі «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» концерт залында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының «65 – болашағы жарқын әлем» атты есеп беру концерті өтті. Іс-шараға
Шымкент қаласы білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагогтары,білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және мектептің түлектері қатысты.Қай салада да әлеуетіміз мәз емес еді. Саясат әрі-сәрі күйде, экономика әлсіз, әлеуметтік салалар тұралап жатқан. Бірақ, қандайда бір қиындыққа қарамай ата-бабамыз аңсаған азаттыққа қолымыздың жеткені жеткен еді. Содан кейін-ақ дүр сілкініп, ес жиып, елдің болашағын бекемдеуге кірістік. Тәуелсіздікті бекемдеп, қалыптастыру басты міндетке айналды. Соның бірі – білім саласы болатын.
—Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз педагогтер мен білім алушылардың биылғы оқу жылында атқарған білім беру жұмыстарын қорытындылау. Білім алушылардың академиялық және шығармашылық жетістіктерін көрсетіп, оқушылардың өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Мұндай іс-шаралар оқушыларымыздың музыкалық қабілеттерін, хореографиялық талантын шыңдап, жауапкершілік, ынтымақтастық, патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін арттырады, –дейді №65 мектеп-гимназия директоры Алмас Серікұлы.
Концертте «Балбырауын», «Атамұра», «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі, Халықаралық, республикалық би байқауларының жеңімпаздары «АрмандаStar» үлгілі би ансамблі, «Тыңда» «Қазақстан дауысы, балалар» телевизиялық жобасының қатысушылары, «Бала дауысы» байқауының лауреаттары, «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауының иегерлері, «New Stars» квартеті өнер көрсетті. Сондай-ақ мектептің танымал түлектері де сахнада әннен шашу шашты.
«Шымкент келбеті»«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ҮШІН ЖАРНАМА КЕРЕК

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТРАНСФОРМАТОР ЖӘНЕ ГЕНЕРАТОР ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫ САЛЫНУДА

smarttop

Полицейлер тұрғынның қалтасынан түскен ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру