3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ҚУҒЫН-СҮРГІН ТАҚЫРЫБЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БАР»

Шаһарда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда, ишандардың есімін анықтаған. Оның ішінде, 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым.Тағдыр.Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.
Жиында ғалымдардың, тарихшылардың баяндамалары тыңдалып, саяси-қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарының барысы, бірқатар мәселелер айтылды. Іс-шараға саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жастар қатысты.
«Қазақстандағы аштық пен саяси қуғын-сүргін зардаптары» тақырыбында баяндама жасаған заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев әлі де атқарылар жұмыстар ауқымды екенін айтты. Оның сөзінше, 2022-2023 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия көптеген ауқымды жұмыстар жүргізген. Мемлекеттік комиссия тарапынан жүргізілген жұмыстардың барлығы халықаралық стандарттар мен құқықтық нормаларға, құндылықтарға сәйкес іске асырылды.
– Мемлекеттік комиссия аясында жұмыс істеген заңгер, ғалымдар қуғын-сүргін мен ақтау үрдістерін зерттеуде жаңа тұжырымдамалар мен қорытындылар әзірленді. Нақты айтқанда қазақ ұлты өкілдерінің азамат ретінде, қазақ халқының құқықтары мен мүдделерін қорғаушы ретінде де қатарынан екі рет қуғын-сүргінге ұшырағанын дәлелдеді. Қуғын-сүргін тақырыбы төңірегінде әлі де толықтай зерттелмеген мәселелер бар. Ендігі ретте ауылдардың сандары мен таңбаларының өзгерістерге ұшырауы, кейбір ауылдардың жойылуы, діни халықтық көтерілістер, саяси-қуғын сүргінге ұшыраған отбасылар, әйелдер, балалар секілді іргелі құндылықтар әлі де зерттелуі қажет. Ақтау ісін жалғасыру ұлттық санаға келгенде өте маңызды іс, – дейді Б.Тұрғараев.
Шымкент қаласында өңірлік комиссияның 9 тобы қарқынды жұмыс жүргізуде. Дәстүрлі дін өкілдерін ақтау жөніндегі бағыттың жетекшісі Гүлмира Серікбаева жиында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Іс-шара барысында Алаш зиялылары жайында деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, бірқатар ғалымдар, тарихшылар тарапынан ұсыныстар айтылды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

smarttop

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА: 397 ҚЫЛМЫСКЕР АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру