3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Қала экономикасын көтеру үшін өндіріс орындары мен бизнес нысандарының көптеп салынуы маңызды. Ал мұны жасау үшін инвестициялық тартымды орта қалыптастыру керек-ақ. Қала экономикасына инвестицияның құйылуымен халықтың әл-ауқаты да көтеріле бастайды. Барлығы бір-бірімен байланысты дүние ғой. Кәсіпкерлер қандай да бір өндіріс орнын ашу үшін инвестиция салса, оған қосыла көптеген жұмыс орындары ашылады. Ал өндіріс орны шығарған өнімдер ертеңгі күні саудаға шығып, қала бюджетіне қомақты салық төленеді. Бұл да айналып келгенде халық игілігіне жұмсалатын қаржы. Мектеп салынады, жол төселеді дегендей…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс. Бұл – негізгі басымдық, олардың жұмысы да соған сәйкес бағалануы керекАймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс. Бұл – негізгі басымдық, олардың жұмысы да соған сәйкес бағалануы керек» дегені естеріңізде болар.

«Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру» дегенін де естен шығармаған ләзім.

Инвестиция тарту жұмыстары, инвесторларға қолайлы жағдай туғызу – Президенттің назарындағы мәселе. Сондықтан әкімдер де Мемлекет басшысының тапсырмаларын үдесінен шыға орындауға барларын салу керек-ақ.

Осы тұста Шымкентте “Shymkent Invest” фронт-офисінің ашылғанын айта кетейік. Ұйым инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді.

Ашылу салтанатына мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков пен қала прокуроры Ғабит Мұқанов қатысты.

Инвесторлар тарту және оларды қолдауға қатысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады.

Фронт-офиспен танысқан қала әкімі бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, Мемлекет басшысының жарлығымен инвестициялық штаб құрылғанын атап өтті.

«Инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу, сондай-ақ сала бойынша нақты бағдарлама әзірлеу қажет, ең бастысы енгізіліп жатқан жобалардың саны емес, сапасы маңызды», — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

Айта кетейік, «Shymkent Invest» ЖШС қала әкімінің бастамасымен құрылған. Мұнда ұйым қызметкерлері инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар құжаттарды дайындауға, жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беруге көмектеседі.

Сонымен бірге, «Shymkent Invest» ЖШС мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық аясында инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мақсатында кеңсеге тұрақты түрде инвесторларға тікелей қолдау көрсететін прокуратура қызметкері бекітілді.

Инвестиция демекші, мұның алдында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Алдыңғы аптада мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырған еді.

Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард 750 миллион АҚШ долларын инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.

Қала әкімі компания басшылығына мегаполиске қызығушылық танытып, өнеркәсіп саласын дамытуға тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар бүгінде Шымкентте инвестиция тартуға барлық жағдай жасалғанына тоқталды. Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, қалада қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылуда. Құны шамамен 700 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, ірі түрік компаниясы Alarko Holding жаңа форматтағы жылыжай кешенін салуда. 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба жалпы көлемі 500 гектар аумақта екі мың жаңа жұмыс орнын кезең-кезеңмен құруға, азық-түлік қауіпсіздігін және жаңа өндірістерді енгізу арқылы жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында экстремистік-террористік сипаттағы 9 қылмыс тіркелді

smarttop

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫНА ҮН ҚОСТЫ

smarttop

«RUH CAMP» СЕМИНАРЫ БІЛІКТІЛІК ЖАҒЫН АРТТЫРЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру